Компания туралы
Қазақстандық көрме компаниясы Iteca – Орталық Азия аймағындағы b2b іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы көшбасшы. 30 жылдан астам уақыт бойы кәсіби команда бизнес үшін шын мәнінде тиімді халықаралық салалық көрмелерді, ірі форумдар мен конференцияларды өткізуде.
Жыл сайын 25-тен астам экспо-оқиғалар 66 елден халықаралық бизнес өкілдерін тартып, Қазақстан нарығына есік ашып, экономиканың әртүрлі секторларында халықаралық серіктестіктің географиясын кеңейтеді: мұнай және газ, энергетика, тау-кен ісі және металлургия, құрылыс, туризм, көлік және логистика, азық-түлік өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы, медицина. Жыл бойы 100 елден 67 500-ден астам салалық мамандар біздің іс-шараларға қатысады.
Iteca компаниясының портфеліндегі он бір көрме Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығынан (UFI) «UFI Approved Event» белгісіне ие болды, бұл оқиғалардың жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, олардың бизнес дамуына және саланы қалыптастыруға әсерін көрсетеді, сондай-ақ статистиканың шынайылығын растайды.
Біздің іс-шараларға ресми қолдауды дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Үкіметі, салалық министрліктер мен комитеттер, облыстық/қалалық әкімдіктер және салалық қауымдастықтар көрсетеді.
Iteca компаниясы көрмелерге қатысуды қолдау бойынша толық қызмет пакетін ұсынады: көрме алаңдарын жалға алу, стендтер құру, техникалық жабдықтау, маркетингтік ілгерілету.
Iteca – Қазақстанда сіздің бизнесіңізді дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер.
