2026 ж. 27 Қазан

AGROWORLD QAZAQSTAN ЖӘНЕ COLDCHAIN QAZAQSTAN 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕРІ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН МЕН СУЫҚ ЛОГИСТИКАНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕРДІ ҰСЫНАДЫ

2026 ЖЫЛҒЫ 28–30 ҚАЗАНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА САЛАНЫҢ ЕКІ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАСЫ — 20-ШЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» AGROWORLD QAZAQSTAN 2026 КӨРМЕСІ ЖӘНЕ 10-ШЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «СУЫҚ ҚОЙМА, ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ СУЫҚ ЛОГИСТИКАҒА АРНАЛҒАН СЕРВИСТЕР» COLDCHAIN QAZAQSTAN КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

Изображение

Біріккен алаңға 209 компания мен ұйым жиналады. Олардың қатарында стендпен 151 компания, іскерлік бағдарламаға қатысатын 19 қатысушы, 32 медиа-серіктес және 7 салалық ұйым мен одақ бар. Қатысушылардың географиясы 22 елді қамтиды: Австрия, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грузия, Үндістан, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Латвия, Нидерланд, Польша, Ресей, Сербия, АҚШ, Түркия, Өзбекстан және Оңтүстік Корея. Қатысушылардың қатарында Қазақстанның 55 компаниясы және 154 халықаралық компания бар. 79 компания көрмелерге алғаш рет қатысады. Халықаралық қатысуды Грузия, Нидерланд және Оңтүстік Кореяның ұлттық стендтері, сондай-ақ Ресей Федерациясының Санкт-Петербург пен Челябі қалаларының өңірлік стендтері толықтырады.

AgroWorld Qazaqstan және ColdChain Qazaqstan көрмелерінің маңызды құрамдас бөлігі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған тақырыптық сессиялар мен сарапшылық пікірталастарды біріктіретін AgriFORUM халықаралық форумы болады.

28 қазанда бағдарлама «АӨК-тің цифрлық трансформациясы: агробизнесті өзгертетін технологиялар» атты пленарлық сессиямен ашылады. Сол күні «Women in AgroBusiness: бизнесті өркендетіп, агросаланы өзгертетін әйелдер» және «Су — АӨК дамуының ресурсы: суаруды басқарудың және су тиімділігін арттырудың жаңа тетіктері» атты стратегиялық сессиялар, «Алма бағы — инвестиция ретінде: неден бастау керек, қанша тұрады және қашан өтеледі» атты панельдік пікірталас, «Егістіктен көміртегі бірлігіне дейін: Қазақстанның агросекторындағы климаттық экономика» атты ESG-сессия, сондай-ақ «Санкт-Петербургте жасалған. Ақылмен жасалған. АӨК-тің экспорттық әлеуеті мен технологиялық инновациялары» атты таныстырылым кездесуі өтеді.

29 қазанда іскерлік бағдарлама «Тиімді мал шаруашылығы: жемшөп, жануарлардың саулығы және жоғары өнімділік» атты Фермерлер мектебімен, Poultry Forward Kazakhstan бағдарламасының, Aeres оқу орталығының, Wageningen University & Research және Еуропалық банктің таныстырылымымен, сондай-ақ «Бақтан сөреге дейін: алма сорттарын таңдау саясаты, сақтау, қаптау және өткізу» атты панельдік сессиямен жалғасады.

AgroWorld Qazaqstan және ColdChain Qazaqstan агроөнеркәсіптік кешен мен суық логистика индустриясы өкілдері арасында заманауи шешімдерді көрсетуге, тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыстарды дамытуға арналған кәсіби алаңдар болып табылады. Көрмелерге қатысу компанияларға өз әзірлемелерін мақсатты аудиторияға таныстыруға, әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізуге, жеткізушілер табуға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Көрмелерге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстанның құс өсірушілер одағы, Алматы облысының бағбандар қауымдастығы, Қырғыз Республикасының АӨК дамыту қауымдастығы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ресми қолдау көрсетеді.

Көрмелерді Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырады.