АСА МАҢЫЗДЫ МИНЕРАЛДАРДАН ЦИФРЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КЕШЕНІНЕ ДЕЙІН: MINING & METALS CENTRAL ASIA 2026 ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ
2026 ЖЫЛҒЫ 16–18 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА 31-ШІ ОРТА АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТАУ-КЕН ЖАБДЫҒЫ, РУДАЛАР МЕН МИНЕРАЛДАРДЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ БАЙЫТУ» КӨРМЕСІ – MINING & METALS CENTRAL ASIA 2026 ЖӘНЕ 22-ШІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖОЛ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРЫЛЫС, КОММУНАЛДЫҚ ТЕХНИКА» КӨРМЕСІ – KAZCOMAK 2026 ӨТЕДІ. ҮШ КҮН БОЙЫ КӨРМЕ АЛАҢЫ ТАУ-КЕН ӨНДІРУ, ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯСЫ, ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ САБАҚТАС САЛАЛАР ӨКІЛДЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ.

Биыл бірлескен экспозиция 30 елден келген 523 компанияны біріктіреді. Қатысушылар қатарында Аустралия, Аустрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Кипр, Қырғызстан, Латвия, БАӘ, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция және Оңтүстік Корея компаниялары бар.
«Атакент» ҚІЫО-ның жаңа 8-павильонындағы Main Conference Hall залында өтетін іскерлік бағдарламаға ерекше назар аударылады. Ол Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің болашағын талқылау үшін мемлекеттік органдардың, бизнестің, инвесторлардың, технологиялық компаниялардың өкілдері мен халықаралық сарапшыларды біріктіреді.
Бірінші күннің, 16 қыркүйектің, басты оқиғасы «Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің болашағы: аса маңызды минералдар, жобалар және және өсудің жаңа мүмкіндіктері» атты пленарлық сессия болмақ. Қатысушылар Қазақстанның аса маңызды минералдарды жеткізудің жаһандық тізбегіндегі рөлін, инвестиция тарту перспективаларын, жаңа жобаларды іске қосуды, қайта өңдеуді дамытуды және қосылған құны жоғары жаңа өндірістер құруды талқылайды. Пікірталасқа Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының, Қазақстан тау-кен палатасының, Kazakh Invest, Kazakhmys Smelting, Eurasian Resources Group, Qarmet, Экономикалық зерттеулер институтының және FLSmidth халықаралық компаниясының өкілдері қатысады. Модератор – энергетикалық компаниялар мен тау-кен металлургия саласына консультациялық қызмет көрсету практикасының жетекшісі, Strategy & PwC компаниясының аға менеджері Асқар Кукеев
Бірінші күннің күн тәртібіне сондай-ақ мыналар кіреді:
AI Stage – «Тау-кен өнеркәсібінің цифрлық жетілуі мен ЖИ-ге дайындығын бағалау: деректердің молдығынан шешім қабылдауға дайындыққа дейін». Сессия кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау, жасанды интеллектіні, цифрлық егіздер мен деректер талдауын енгізу мәселелеріне арналады. Спикер – цифрландыру және бүкіл әлемдегі тау-кен өндіруші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру жобаларында практикалық тәжірибесі бар аустралиялық халықаралық сарапшы, доктор Али Суфастаи (ContinuumOps);
Canadian Group Workshop – «Әлемдік тау-кен өнеркәсібіне арналған канадалық сараптама мен шешімдер». Іс-шарада канадалық компаниялардың тау-кен өндіру секторына арналған технологиялары мен практикалық шешімдері таныстырылады;
CiDRA Minerals Processing, Earth Technology, FLSmidth, Epiroc және Sandvik компанияларының салалық семинарлары мен таныстырылымдары.
Екінші күннің, 17 қыркүйектің, басты оқиғасы бағдарламасы екі тақырыптық блокқа бөлінетін GEOTECH FORUM болмақ.
«Қазақстанның жаңа саяси архитектурасы және тау-кен өнеркәсібінің болашағы» атты бірінші блок жер қойнауын пайдалануды реттеу, инвестициялық ахуал, геологиялық барлау перспективалары және аса маңызды минералдар жөніндегі жобаларды дамыту мәселелеріне арналады.
«Цифрлық тау-кен металлургия кешені: автоматтандырудан интеллектуалды басқару мен роботтандыруға дейін» атты екінші блок жасанды интеллектіні, роботтандырылған жүйелерді, цифрлық платформалар мен автономды техниканы енгізудің практикалық кейстерін талқылау үшін жетекші сарапшылар мен технологиялық компанияларды біріктіреді. Спикерлер қатарында ContinuumOps, Earth Technology, Business & Technology Services (ERG ІТ-компаниясы), AG TECH, Borusan Cat Қазақстан, Epiroc, Sandvik және HardDev өкілдері бар.
Екінші күннің күн тәртібіне сондай-ақ мыналар кіреді:
AI Stage – «Операциялық тиімділікті диагностикалау: Mine-to-Mill тізбегіндегі құндылықты іздеу және растау» – цифрлық трансформациядан өлшенетін өндірістік және экономикалық нәтижеге көшу туралы;
«Үздік практикалар күні: Қазақстанға арналған неміс өнеркәсіптік шешімдерінің таныстырылымы» атты дөңгелек үстел;
Normet және Composit компанияларының мамандандырылған семинарлары.
Mining & Metals Central Asia 2026 мазмұнды іскерлік бағдарламасы тау-кен металлургия кешенінің дамуын стратегиялық және практикалық тұрғыдан қатар қарастыруға мүмкіндік береді. Салалық пікірталастардың, халықаралық сараптаманың және практикалық кейстердің үйлесуі тәжірибе алмасуға, жаңа шешімдер іздеуге және мемлекет, бизнес пен технологиялық қоғамдастық арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтутуға жағдай жасайды.
Көрмелер Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ-ның (ТМКҚ) ресми қолдауымен өткізіледі.
Семинарлар аймағының серіктесі – Composit компаниясы, фотоаймақ серіктесі – Melytec, су серіктесі – AltynArna, ойын және демалыс аймақтарының серіктесі – Nartas, көрменің ресми жолсілтемесінің серіктесі – Cummins.
Ұйымдастырушы – қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
