HOREX & CLEAN EXPO QAZAQSTAN 2026: ҚОНАҚҮЙ БИЗНЕСІ МЕН ТАЗАЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАРЫ
2026 ЖЫЛҒЫ 11–13 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚОНАҚҮЙЛЕРДІ, МЕЙРАМХАНАЛАР МЕН СУПЕРМАРКЕТТЕРДІ ЖАБДЫҚТАУ, СОНДАЙ-АҚ КӘСІБИ ТАЗАЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫ БАҒЫТТАРЫН БІРІКТІРЕТІН HOREX & CLEAN EXPO QAZAQSTAN 21-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕЛЕРІ ӨТЕДІ.

Көрмеге 11 елден 53 компания қатысады: Австрия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Молдова, Нидерланд, Ресей, АҚШ және Швейцария. Қатысушылар құрамында 26 қазақстандық және 27 шетелдік компания бар. 12 экспонент үшін биылғы іс-шара жобаға алғашқы қатысу болмақ.
Horex Expo Qazaqstan қонақүйлерді, мейрамханаларды, кафелерді, барларды, супермаркеттерді және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жабдықтауға арналған ұсыныстардың кең ауқымын қамтиды. Clean Expo Qazaqstan кәсіби тазалық сегментіне бағытталған және клининг индустриясына арналған мамандандырылған жабдықтарды, технологиялар мен шешімдерді ұсынады.
Іскерлік бағдарлама аясында «Қазақстанның HoReCa саласы: жаңа шынайылық жағдайындағы бизнес — басқару, бейімделу және өсу нүктелері» тақырыбында HOREX BUSINESS FORUM 2026 өтеді. Кәсіби күн тәртібінде кадрлармен қамтамасыз ету, гастрокластерлерді қалыптастыру, қонақүй кірістері мен сату арналарын басқару, жалдау қатынастарын реттеу, салықтық өзгерістер және экологиялық талаптарды сақтау мәселелері қамтылады. Маркетингтің тиімділігін және клиенттермен өзара іс-қимылды арттыру мақсатында басқару процестерін цифрландыруға, жасанды интеллект пен Big Data қолдануға ерекше назар аударылады.
11 қарашада өтеді:
Пленарлық сессия «Қазақстанның HoReCa саласы 2026: бір нарық, ортақ сын-қатерлер»;
Практикалық сессия «Гастрокластер: жаңа формат па, әлде жабық клуб па? Мейрамханалар жобаға қалай қатыса алады?»;
Стратегиялық сессия «Қазақстанның қонақүй бизнесі 2026: табысыңызды кім басқарады — өзіңіз бе, әлде агрегаторлар ма?».
12 қарашада өтеді:
Стратегиялық сессия «Қысымдағы жалдау ақысы: қоғамдық тамақтану орындары үшін нысандар неге қымбаттап жатыр?»;
Стратегиялық сессия «Реформалар жағдайында мейрамхана бизнесі қалай аман қалып, маржаны сақтай алады?»;
Практикалық сессия «Хоспер, гриль және майұстағыш: жаңа экологиялық норма мейрамханаларға қаншаға түседі?».
13 қарашада бағдарлама мына сессиямен аяқталады:
FORESIGHT-сессиясы «Инсайттардан әрекетке: форумнан кейінгі HoReCa».
Форумның барлық іс-шаралары 9-павильондағы Conference Hall залында өтеді.
HOREX BUSINESS FORUM серіктестері: «Қазақстан Республикасы Рестораторлар клубы» қауымдастығы, OpenRate компаниясы.
Ресми қолдау: Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстандық қонақ үй және мейрамханалар қауымдастығы (КАГиР).
Ұйымдастырушылар — Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.
