2026 ж. 1 Қыркүйек

ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДЕН БАСТАП ҰШҚЫШСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ДЕЙІН: SECUREX, ITS & DRONEX 2026 ЗАМАНАУИ ҚАУІПСІЗДІККЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ШЕШІМДЕРДІ ҰСЫНАДЫ

2026 ЖЫЛҒЫ 21-23 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА КЕШЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК, ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАРДЫ ҚОРҒАУ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ҰШҚЫШСЫЗ ЖҮЙЕЛЕР САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕРДІ БІРІКТІРЕТІН SECUREX, ITS & DRONEX 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

Изображение

2026 жылы экспозицияға 50 компания қатысады, олардың 15-і көрмеге алғаш рет қатысады. Қатысушылар бейнебақылау, өрт және күзет қауіпсіздігі, қолжетімділікті бақылау және периметрді қорғау, ғимараттарды автоматтандыру, ақпаратты қорғау, байланыс, арнайы киім және қорғаныс құралдары салаларындағы жабдықтар мен технологияларды ұсынады.

Көрме жабдық өндірушілері мен жеткізушілерін, жобалаушыларды, инженерлерді, техникалық мамандарды, мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін және кәсіби қоғамдастықты біріктіреді. 2025 жылы Securex, ITS & Dronex көрмесіне 1 585 маман келді.

Алғаш рет — Қазақстанның I Инженерлік форумы

Іскерлік бағдарламаның орталық оқиғасы жобалаушыларға, энергетиктерге және кешенді қауіпсіздік саласының мамандарына арналған Қазақстанның I Инженерлік форумы болады.

Негізгі назар — аса маңызды инфрақұрылым мен өнеркәсіптік нысандарды қорғау, роботтандыру және автоматтандыру, энергетикалық инфрақұрылым және өрт қауіпсіздігі мәселелеріне аударылады.

Форум бағдарламасы үш бейінді сессияны қамтиды:

«Қазақстанның аса маңызды инфрақұрылымының қауіпсіздігі: нормативтік базадан цифрлық шешімдерге дейін»

«Роботтандыру, автоматтандыру және энергетикалық инфрақұрылым: Қазақстанның өнеркәсіптік нысандарының қауіпсіздігіне арналған инженерлік шешімдер»

«Аса маңызды нысандардың өрт қауіпсіздігіне арналған инженерлік шешімдер: есептеулер, автоматика және сараптама жүргізу тәжірибесі»

Іскерлік бағдарламаны II Dronex Conference «Өнеркәсіпке, қауіпсіздікке және экологияға арналған дрондар» толықтырады. Конференцияда ұшқышсыз технологияларды өнеркәсіпте, инфрақұрылымда, экологияда және қауіпсіздік саласында қолдану мәселелері қарастырылады.

Жекелеген іс-шаралар киберқауіпсіздік пен кадр мәселелеріне арналады. «Шағын компаниялар ірі бизнеске деректерді қорғауға қалай көмектеседі?» стартаптар пікірталасы корпоративтік ақпаратты қорғаудың жаңа технологияларын қамтиды, ал «Қауіпсіздікке адамдар қажет: кадр тапшылығын қалай жоюға болады?» панельдік сессиясы білікті мамандар тапшылығы мәселесіне арналады.

VIP-қонақтар қатарында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері күтіледі.

Securex, ITS & Dronex 2026 көрмесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» ресми қолдауымен өтеді.

Ұйымдастырушылар — Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобы.