ЖАС ҰРПАҚТЫ ШАБЫТТАНДЫРУ: ITECA ЖАСТАР ҮШІН МҮМКІНДІКТЕР ҚҰРУ АРҚЫЛЫ ЭДВАРД СТРООННЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТЕДІ
ITECA ҚАЗАҚСТАН КӨРМЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ БАСШЫСЫ ЭДВАРД СТРООННЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ, ITECA КОМПАНИЯСЫ БАСШЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН БІРҚАТАР ИМИДЖДІК ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗДІ.

Iteca компаниясы «Мен туризмді таңдаймын!» атты студенттік бизнес-жобалар байқауын ұйымдастырып, сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенттеріне арналған коворкинг-орталық ашты.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ді серіктес ретінде таңдау символдық мәнге ие. Бұл университет Эдвард Строонның кәсіби қалыптасуында маңызды рөл атқарды – дәл осы жерде ол 30 жыл бұрын өзінің еңбек жолын бастаған болатын. Университет ондаған жылдар бойы 10 тілде кәсіби білім беруді жүзеге асыратын жетекші көппрофильді ғылыми-білім беру мекемесі болып қала береді.
2025 жылғы 9 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде жаңа студенттік коворкинг-орталықтың салтанатты ашылуы өтті. Жаңа коворкинг-орталық тек жайлы оқу және бірлескен жұмыс орны ғана емес, сонымен қатар студенттердің креативті идеяларын, стартаптарын жүзеге асыруына және кәсіби өсуіне арналған алаңға айналды.

Жастарды қолдау әрқашан Iteca компаниясының әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыты болып келеді. Студенттік коворкинг-орталықтар сияқты бастамаларға инвестиция сала отырып, Iteca қоғамның тұрақты дамуына үлес қосып, студенттерге оқу, тәжірибе алмасу және өзін-өзі іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Эдвард Строонның үлгісінен шабыт алған компания жас мамандардың білімге, инновацияларға және көшбасшылыққа деген ұмтылысын қолдауды жалғастырып, Қазақстанның болашақ кәсіби қауымдастығын қалыптастыруға жағдай жасайды.

2025 жылғы 25 сәуірде KITF 2025 «Туризм және саяхат» көрмесі аясында «Мен туризмді таңдаймын!» студенттік бизнес-жобалар байқауының финалы өтті. Онда 1-4 курс студенттері туризмді дамытуға арналған өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды.
Байқаудың мақсаты – жастарды инновациялық туристік жобаларды жүзеге асыруға тарту, Қазақстанның туристік ресурстары туралы жастардың хабардарлығын арттыру арқылы патриотизм сезімін тәрбиелеу. Байқау туризм саласындағы креативті идеяларды анықтауға бағытталған. Алғашқы кезеңде үздік жұмыстар таңдалып, финалға жолдама алды. Ал қазылар алқасы құрамында «Қазахтуризм» ҰК» АҚ өкілдері, Қазақстан туристік қауымдастығы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушылары және Iteca компаниясының басшылығы болды. Олар ең үздік жұмыстарды таңдады. Жеңімпаздар ақшалай сыйақылармен марапатталды. Байқау нәтижесінде үздіктер атанды:
Жұмабай Карина, Ақыңқожақызы Айғаным – 3 курс студенттері, «Шекарасыз туризм: Қазақстандағы алғашқы инклюзивті туристік маршрут» жобасы – 300 000 теңге сертификат;
Қадыров Мадияр – 2 курс студенті, «Алматыда Cityhub капсулалық қонақүйін ашу» жобасы – 200 000 теңге сертификат;
Қасебаева Енлік, Мұсабеков Мұса, Атемов Мадияр, Дарын Әділжан – 1 курс студенттері, «Ежелгінің құпиялары мен жердің күші: мектеп оқушыларына арналған ғылыми-танымдық экскурсия» жобасы – 200 000 теңге сертификат;
Зеқенқызы Әкерке, Жанибекова Нұрайым – 3 курс студенттері, «Каспий теңізі бойынша круиздік туризм: мүмкіндіктер мен мәселелер» жобасы – 100 000 теңге сертификат;
Уәлиханова Ақмарал – 1 курс студенті, «Ұржар ауылында агро және этнотуризмді дамыту» жобасы – 100 000 теңге сертификат;
Закир Жанайым, Қалабай Альдана – 1 курс студенттері, «Алматыда туризмді дамытудың инновациялық тәсілі» жобасы – 100 000 теңге сертификат.

Өткізілген бастамалар ұрпақтар сабақтастығының, тамырға құрметтің және даму ұмтылысының символына айналды. Iteca компаниясы өз негізін қалаушысының 60 жылдығына орай дарынды жастарды қолдап, болашақта Қазақстанның туризм саласының келбетін айқындайтын идеяларды ілгерілетуге үлес қосқанына мақтанышпен қарайды.
Эдвард Строон білімнің, инновацияның және ынтымақтастықтың күшіне сенеді, ал бүгінгі студенттердің жетістіктері – осы құндылықтардың жаңа буынды шабыттандырып келе жатқанының ең үздік дәлелі. Iteca компаниясы алдағы уақытта да жастардың әлеуетін ашуға және Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан ел ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал ететін жобаларды қолдауды жалғастырады.
