2026 ж. 9 Қыркүйек

КАРЬЕРЛІК ЖАБДЫҚТАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ ДЕЙІН: MMCA ЖӘНЕ KAZCOMAK 2026 ИНДУСТРИЯНЫҢ ЕҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ

MINING AND METALS CENTRAL ASIA ЖӘНЕ KAZCOMAK 2026 КӨРМЕЛЕРІНІҢ БАСТАЛУЫНА САНАУЛЫ КҮНДЕР ҚАЛДЫ. 16–18 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА «АТАКЕНТ» ТАУ-КЕН ӨНДІРУ, МЕТАЛЛУРГИЯ, ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ МАШИНА ЖАСАУ САЛАЛАРЫНЫҢ МАМАНДАРЫ БАС ҚОСАТЫН ОРТАЛЫҚҚА ТАҒЫ ДА АЙНАЛАДЫ.

Изображение

Биылғы ауқым шынымен де таңғалдырады: 30 елден 533 компания қатысатынын растады, олар 8, 9, 10, 11-павильондар мен ашық алаңға орналасады. Ұжымдық экспозицияларды Аустрия, Германия, Канада, Қытай, Ресей және Финляндия ұсынады. Көрменің өзі секілді географиясы да ауқымды: өндіруден бастап қайта өңдеуге және өндірістік циклге ЖИ енгізуге дейінгі бүкіл өндірістік тізбекке арналған жабдық, технологиялар, ауыр техника мен шешімдер ұсынылады. Экспозицияның жалпы ауданы 20 000 шаршы метрден асады, ал ашық алаңға ауыр техника мен жабдықтың 150-ге жуық бірлігі орналастырылады.

Көріп қана қоймай, талқылауға да болады

Негізгі пікірталастар 8-павильондағы Main Conference Hall залында өтеді. Бағдарламаның басты тақырыптары – Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің болашағы, аса маңызды минералдар, жаңа жобалар, инвестициялар, цифрландыру, роботтандыру және, әрине, жасанды интеллект. Бағдарламаны «Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің болашағы: аса маңызды минералдар, жобалар және өсудің жаңа мүмкіндіктері» атты пленарлық сессия ашады. Қатысушылар қатарында Қазақстан тау-кен палатасының, Kazakh Invest, Kazakhmys Smelting, ERG, Qarmet, FLSmidth және басқа да компаниялар мен ұйымдардың өкілдері бар.

Бағдарламаның басты қонақтарының бірі – тау-кен өнеркәсібіндегі ЖИ және цифрлық трансформация саласының халықаралық сарапшысы, доктор Али Суфастаи. Ол Қазақстанда алғаш рет сөз сөйлейді. AI Stage алаңында жасанды интеллекттің «болашақта бір күні» қолданылуы емес, нақты практикалық мәселелер талқыланады: кәсіпорындар ЖИ-ді енгізуге қаншалықты дайын, деректерді қалай шешімдерге айналдыруға болады және цифрландыру қай тұста нақты өлшенетін нәтиже береді.

Сондай-ақ 8-павильонда Podcast Zone – сарапшылармен, спикерлермен және көрме қатысушыларымен кәсіби диалог жүргізуге арналған кеңістік жұмыс істейді. Мұнда сала тынысын оның өкілдерінен тікелей естуге болады: өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасып, бүгінде тау-кен металлургия кешенін шын мәнінде өзгертіп жатқан үрдістер туралы әңгімелесуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар әлемдік тау-кен өнеркәсібіне арналған канадалық технологиялар мен шешімдердің таныстырылымы – Canadian Group Workshop және CIDRA Minerals Processing Inc. семинары жеке өткізіледі.

17 қыркүйекте бағдарламаны GEOTECH FORUM жалғастырады. Негізгі назар Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің жаңа архитектурасына, инвестициялар мен аса маңызды минералдарға аударылады. Ал жеке ауқымды бөлім автоматтандырудан интеллектуалды басқару мен роботтандыруға көшу мәселесіне арналады. Пікірталасқа ContinuumOps, ERG, AG TECH, Metso, Borusan Cat Kazakhstan, Epiroc, Sandvik және HardDev сарапшылары қатысады.

11-павильон: ұзақ кіріспесіз ұсынылатын технологиялар

Мұнда жеке Seminars Room жұмыс істейді. Онда компаниялар өз шешімдерін таныстырып, нақты салалық кейстерді талдайды. Бағдарламада FLS, Epiroc, Sandvik, Normet семинарлары, сондай-ақ Composit компаниясының «Тау-кен өнеркәсібіндегі Composit жобалық тәсілі: міндеттерден тиімді шешімдерге дейін» атты серіктестік семинары бар.

Ал келіссөздерді... ойын үстінде өткізуге болады

Биыл MMCA көрмесінде бұрын-соңды болмаған жаңа формат пайда болады. 9-павильонның екінші қабатында алғаш рет Нартас компаниясының Ойындар және келіссөздер аймағы ашылады.

Күн сайын жеті ойын, интерактивтер мен жүлделер ұсынылады. Бұл – келіссөздерден кейін аз уақытқа сергіп алуға немесе, керісінше, нетворкингті еркін әрі бейресми жағдайда жалғастыруға мүмкіндік. Өйткені кейде жақсы іскерлік байланыс визитка алмасудан емес, еркін әңгімеден басталады.

Тағы бір жаңалық – Media.Iteca.Events

Осы маусымда көрмеде түсірілген фотосуреттер сізді өздері табады деуге болады. Тіркелу кезінде селфи жүктеу жеткілікті – әрі қарай сервис жасанды интеллект көмегімен көрмеде түсірілген мыңдаған фотосурет арасынан сіздің кадрларыңызды тауып береді.

Суреттер өңделгеннен кейін бірнеше минут ішінде жеке галереяңыз электрондық поштаңызға және WhatsApp-қа жіберіледі. Енді ортақ фототаспадан өзіңізді ұзақ іздеудің қажеті жоқ. Оған қоса, әлеуметтік желілерге арналған дайын постерлер, мәтіндер мен хэштегтер ұсынылмақ.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының (ТМКҚ) ресми қолдауымен өткізіледі.

Mining and Metals Central Asia 2026 серіктестері – Altynarna Geosynthetics, Composit, Cummins, Melytec және Nartas компаниялары.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.