KAZBUILD 2025 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨСІМ МЕН ИННОВАЦИЯЛАРДЫҢ КАТАЛИЗАТОРЫ БОЛАДЫ
2025 ЖЫЛДЫҢ 3-5 ҚЫРКҮЙЕГІ КҮНДЕРІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ KAZBUILD 2025 ӨТЕДІ

Бүгінгі күнге дейін Германия, Иран, БАӘ, Польша ұлттық топтарының қатысатыны расталды, сондай-ақ Әзербайжан, Қытай және Ресей өндірушілерінің ұжымдық экспозициялары ұсынылады.
Көрмеге қатысушылар қатарында «Алюминстрой», «Анд Азия», «Бастау Алматы», «Bongioanni Macchine», «Galaksi Group», «Гипсовинил», «Sultan Ceramic», «Дёке Азия», «Clea», «Simons Werk», «Kinlong» және басқа да компаниялар бар. Жыл сайын экспоненттердің қатарына дебютант компаниялар қосылады. Биыл алғаш рет өз стендтерімен «Ecoplit» (Өзбекстан), «Акустические материалы» (Қазақстан), «IEK Group» (Ресей), «Taiss SRL» (Италия), «Durable Stone» (Өзбекстан), «Felo» (Германия), «Eweca» (Нидерланды), «Brodreskift Tech» (Норвегия), «TD Zangar» (Қазақстан) және «FK Kunstsoffe» (Қазақстан) қатысады. Олар құрылыс және әрлеу материалдары, жабдықтар, жарықтандыру және терезе жүйелері саласындағы заманауи шешімдерді ұсынбақ, бұл көрменің халықаралық деңгейі мен инновациялық әлеуетін айқындайды.
Арнайы назар жаңа павильонға аударылады, онда терезе-профильдік технологиялардың жетекші өндірушілерінің ауқымды экспозициясы өтеді. Бұл KazBuild 2025 көрмесін соңғы әзірлемелер мен технологияларды таныстырудың басты алаңына айналдырады. Көрме алаңының ұлғаюы инновациялық өнімдер мен кешенді шешімдерді көбірек көрсетуге, қатысушылар географиясын кеңейтуге, іскерлік кездесулерге қолайлы жағдай жасауға және өзара тиімді келісімшарттарға жол ашады.
Қазақстанның құрылыс секторының қарқынды дамуы жағдайында KazBuild сияқты шаралар кәсіби диалог пен нарық трансформациясының қажетті катализаторы болып табылады. Көрме тек жаңа өнімдер мен заманауи технологияларды көрсетіп қана қоймай, серіктестік орнатуға, тәжірибе алмасуға, жеткізушілер мен мердігерлерді табуға ықпал етеді.
Ресми деректерге, соның ішінде ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, құрылыс саласы елдің ЖІӨ-нің 6%-дан астамын құрайды. 2024 жылы Қазақстанда 19,1 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді (2023 жылмен салыстырғанда 13,2%-ға көп), ал құрылысқа салынған инвестициялар көлемі 4 трлн теңгеден асты, бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Бұл деректер қазіргі заманғы құрылыс материалдары мен технологияларына жоғары сұранысты, сондай-ақ кәсіби қауымдастықты қалыптастыратын және халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын іс-шаралардың маңыздылығын айғақтайды.
ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің ақпараты бойынша, орта мерзімді перспективада Қазақстан жыл сайын кемінде 18–20 млн м² тұрғын үйді пайдалануға беруді, инфрақұрылымды жаңғыртуды және өндірістік нысандар мен әлеуметтік инфрақұрылым құрылысына қатысты ауқымды жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Негізгі драйверлер — «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, құрылыс саласының индустрияландырылуы, сондай-ақ «жасыл» және энергия үнемдеуші технологиялардың енгізілуі болмақ.
Бұл үрдістер KazBuild 2025 тұжырымдамасында тікелей көрініс табады. Жетекші өндірушілер мен инновациялық компаниялардың қатысуы нарықтың өсіп келе жатқан сұранысына жауап беретін ұсыныстарды әзірлеуге және елдің тұрақты даму бағытын қолдауға мүмкіндік береді.
KazBuild 2025 көрмесіне қатысу — қарқынды дамып келе жатқан нарықтағы позицияларды нығайтуға, жаңа серіктестер табуға және өз шешімдерін кәсіби аудиторияға кеңінен таныстыруға бірегей мүмкіндік.
Осы күндері қатарынан 17-ші Aquatherm Almaty 2025 халықаралық көрмесі де өтеді. Ол тұрмыстық және өнеркәсіптік жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, желдету және кондиционерлеу жабдықтарына арналған.
Іс-шараға ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялар ресми қолдау көрсетеді.
Шаралардың ұйымдастырушысы — қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.
KazBuild 2025 көрмесіне қатысты толық ақпаратты, соның ішінде бағдарлама, қатысушылар тізімі және тіркеу туралы мәліметті көрменің ресми сайтынан таба аласыз: www.kazbuild.kz
