2026 ж. 2 Қыркүйек

KAZBUILD ЖӘНЕ AQUATHERM ALMATY 2026 АЛМАТЫДА БАСТАЛЫП, 34 ЕЛДЕН 631 КОМПАНИЯ МЕН ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК САЛАЛАРДЫҢ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫЛАРЫН БІРІКТІРДІ

БҮГІН, 2026 ЖЫЛҒЫ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ, ОҢТҮСТІК АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ САЛАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР — 32-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ KAZBUILD 2026 ЖӘНЕ ЖЫЛЫТУ, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, САНТЕХНИКА, АУАНЫ БАПТАУ МЕН ЖЕЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАБДЫҚТАРДЫҢ 18-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ AQUATHERM ALMATY 2026 ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

Изображение

Үш күн ішінде жетекші салалық алаңдар өндірушілер мен жеткізушілерді, құрылыс кешенінің өкілдерін, сәулет және жобалау қауымдастығын, девелоперлерді, инженерлерді, бейінді қауымдастықтар мен мемлекеттік сарапшыларды біріктіреді.

2026 жылы екі көрменің бірлескен экспозициясы 34 елден 631 компанияны біріктіріп, Қазақстанның құрылыс және инженерлік нарықтарына деген жоғары халықаралық қызығушылықты растайды. Қатысушылардың географиясы Әзербайжан, Армения, Беларусь, Вьетнам, Германия, Гонконг, Грекия, Египет, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Корея, Люксембург, Малайзия, Нидерланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Португалия, Ресей, Сингапур, Словакия, Словения, Таиланд, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Франция және Оңтүстік Кореяны қамтиды.

Бірлескен экспозицияның негізгі бөлігін KazBuild 2026 құрайды. Мұнда өз өнімдерін, технологиялары мен шешімдерін 27 елден 411 компания ұсынады. Қазақстан атынан 94 компания, ал халықаралық сегментте 319 қатысушы бар. Ұлттық топтаманы Германия, ал ұжымдық экспозицияларды Қытай, Ресей, Иран, БАӘ және Үндістан ұсынады. Сонымен қатар 161 компания немесе экспоненттердің 39%-ы KazBuild көрмесіне алғаш рет қатысып отыр. Бұл көрменің кәсіби құрамының одан әрі кеңейіп, Қазақстан нарығына жаңа өндірушілер мен жеткізушілердің тартылып жатқанын көрсетеді.

Aquatherm Almaty 2026 экспозициясы биыл 20 елден 220 компанияны, оның ішінде 46 қазақстандық және 174 халықаралық қатысушыны қамтиды. Ұлттық топ Германиядан, ал ұжымдық экспозициялар Қытай мен Түркиядан ұсынылған. Көрмеге 64 компания алғаш рет қатысып отыр, бұл экспоненттердің жалпы санының 29%-ын құрайды. KazBuild және Aquatherm Almaty көрмелерінің қатар өткізілуі құрылыс, сәулет, интерьер және нысандарды инженерлік жабдықтау салаларына арналған шешімдерді кешенді түрде ұсынуға мүмкіндік беріп, сабақтас салалардың өзара іс-қимылы үшін бірыңғай кәсіби орта қалыптастырады.


Изображение

Ауқымды экспозициямен қатар, көрмелердің негізгі құрамдас бөлігі дәстүрлі түрде іскерлік бағдарлама болып табылады. 2 қыркүйектегі басты оқиға KazBuild және Aquatherm Almaty 2026 көрмелерінің бірлескен «Жаңа Құрылыс кодексі, салық саясаты және цифрлық реттеу: Қазақстан саласын өзгертетін реформалар» атты пленарлық сессиясы болды. Талқылауға Андаков Мұхамед Задинович, Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары; Мейірбек Жаманқұлов, ҚР Жобалаушыларының ұлттық қауымдастығының президенті; Вячеслав Шепель, «ЦентрПроект» директоры, KAZGOR жобалау академиясының бас инженері; Антон Федянин, Қазақстан Сәулетшілер одағы жанындағы Жас сәулетшілер секциясының жетекшісі; Санжар Рахметжанов, «ARMETA KZ» ЖШС негізін қалаушы; Валерий Лакисов, ҚР Құрылысшылар одағы төрағасының орынбасары; Виктория Тен, Қазақстан Құрылыс салушылар қауымдастығының вице-президенті; Тимур Нұртаев, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Құрылыс саласы жөніндегі салалық кеңесінің мүшесі; Данияр Балтин, «Мемсараптама» РМК Әдістеме департаментінің нормативтік қамтамасыз ету және құрылыс жобаларының Мемлекеттік банкімен жұмыс бөлімінің бастығы; Сәкен Қашқымбаев, «Мемсараптама» РМК даму және BIM-технологиялар бөлімінің бас маманы қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Андаков Мұхамед Задинович, Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, былай деп атап өтті: «Қазақстан белсенді дамып келеді және осы көрмеде әркім өз серіктестерін тауып, келісімшарттар жасап, құрылыс нысандарында қолданылатын жаңа бағыттар бойынша өз өнімдерін сәтті жүзеге асырады деп ойлаймын. Соңғы 5 жылда құрылыс материалдарын отандық өндіру үлесі 8 пайыздық тармаққа өсіп, 70%-дан асты — Қазақстан құрылыс материалдарымен өзін барған сайын дербес қамтамасыз етіп келеді. Дегенмен, нарықта әлі де мүмкіндік бар: нарық көлемі 4,2 миллиард долларды құрайды, ал ресми статистикаға сәйкес, оның шамамен 1,2 миллиарды импорттық өнімдерге тиесілі. Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыруға және өнімдерін осында сатуға қызығушылық танытқандардың барлығын шақырамыз». Аталған көрсеткіштер отандық өндірістің тұрақты дамуын және Қазақстанның құрылыс нарығында жаңа технологиялар, жеткізушілер мен іскерлік ынтымақтастық үшін әлеуеттің сақталып отырғанын көрсетеді.

Пленарлық пікірталастың негізгі тақырыптары Қазақстанның құрылыс саласын реттеудегі маңызды өзгерістер болды: жаңа Құрылыс кодексін енгізудің алғашқы нәтижелері, салық реформасы, BIM жүйесіне көшу, бақылау мен сараптама жүйесін жетілдіру, кадр мәселелері және жобалау процестерін цифрландыру. Жасанды интеллект құралдарын қолдануға және бизнестің жаңа талаптарға бейімделуіне де ерекше назар аударылды.

Бірінші күнгі кәсіби диалогтың жалғасы ретінде HD Magazine ұйымдастырған «ОрталықАзияның көк-жасыл инфрақұрылымы: девелопмент, инженерия және инвестициялар үшін жаңа нарықтар» атты панельдік сессия өтті. Сарапшылар су ресурстарын басқару, табиғатқа негізделген инженерлік шешімдер, көк-жасыл инфрақұрылымның инвестициялық әлеуеті және тұрақты құрылыстың заманауи стандарттарын талқылады.


Изображение

Бірінші күннің тағы бір маңызды бағыты терезе индустриясының кәсіби қауымдастығына арналды. №8 павильонда KazBuild көрмесінің мамандандырылған салалық бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын Үлкен Терезе Форумы өтуде. Форум аясында «Қазақстанның құрылыс индустриясы: нарықтың жаңа ережелері және отандық өндірісті дамыту» атты панельдік сессия «Школа Окна+» қатысуымен ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, күні бойы Professional TANU Association және TECHNONICOL өткізген семинарлар мен шеберлік сабақтары өтіп, қатысушыларға заманауи құрылыс материалдарын, технологиялар мен кәсіби шешімдерді іс жүзінде қолдану тәсілдері таныстырылды.

Алдағы күндері мазмұнды бағдарлама бірқатар мамандандырылған іс-шаралармен толықтырылады. Ертең, 3 қыркүйекте, KAZBUILD MATERIALS FORUM 2026 және KAZBUILD URBAN FUTURE FORUM 2026 өтеді. Шақырылған халықаралық сарапшылардың қатарында Паоло Маттеуцци, ZHA сәулет бюросының директоры, сондай-ақ Mangera Yvars Architects сәулет бюросының директоры Евгения Позигун бар.

Салалық бағдарлама «Школа Окна+» ұйымдастыратын «Монтажник Шоу» аясында жалғасады, ал Aquatherm Almaty көрмесі аясында 4-ші «Технарь PRO Kazakhstan 2026» Монтажшылар чемпионаты өтеді. Қорытынды күн «Школа Окна+» ұйымдастыратын MARKETING DAY, сондай-ақ компаниялардың бейінді семинарлары мен презентацияларымен толықтырылады.


Изображение

Екі халықаралық көрменің бір алаңда өткізілуі құрылыс, сәулет, жобалау, дизайн, инженерлік жүйелер, энергия тиімділігі және заманауи технологиялық шешімдерді бірыңғай іскерлік кеңістікте біріктіруге мүмкіндік береді. Ауқымды халықаралық экспозицияның сараптамалық бағдарламамен үйлесуі өнімдер мен технологияларды таныстыруға ғана емес, Қазақстанның құрылыс кешеніндегі реттеуші өзгерістерді, инвестициялық бағдарларды және одан әрі даму бағыттарын жан-жақты талқылауға жағдай жасайды.

Aquatherm Almaty 2026 көрмесінің іскерлік серіктесі: «Технарь» оқу орталығы

KazBuild 2026 көрмесінің Терезе технологиялары секторының іскерлік бағдарламасының ресми серіктесі: Smart X сауда маркасы бар «Бастау Алматы» ЖШС

KazBuild 2026 көрмесінің Терезе технологиялары секторының іскерлік бағдарламасының серіктесі: «Меезенбург Казахстан» ЖШС

Ресми қолдауды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, қатысушы елдердің сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялары, «Школа Окна+» көрсетеді.

Іс-шаралардың ұйымдастырушылары — Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобы.

Көрмелерге 4 қыркүйекті қоса алғанда қатысып қалуға асығыңыз! Ол үшін іс-шараларымыздың сайтында алдын ала тіркеуден өтіңіз.

www.kazbuild.kz

www.aquatherm-almaty.kz