KITF 2025 — ӘЛЕМДІК ТУРИЗМДІК БАҒЫТТАР, ТРЕНДТЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР ҰШТАСАТЫН ОРЫН
2025 ЖЫЛҒЫ 23–25 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 23-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» КӨРМЕСІ – KITF 2025 ӨТЕДІ.
Туризм саласы Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Тек 2024 жылдың 11 айында ғана нарық 25 пайызға өсті. Сарапшылар бұл өсімді демалыс бағыттарының көбеюімен, әуе рейстерінің жиілеуімен және қазақстандықтар үшін визасыз елдердің санының артуымен байланыстырады. Бұл деректер KITF көрмесінің Қазақстандағы туризм саласының одан әрі дамуы мен оның позицияларын нығайтуға арналған маңызды платформа ретіндегі рөлін айқындайды.

KITF – бұл жай ғана көрме емес, Орталық Азиядағы туристік индустрия көшбасшыларының кездесуіне арналған басты алаң. Жыл сайын мұнда жетекші компаниялардың өкілдері, мемлекеттік ұйымдар және мыңдаған мақсатты келушілер жиналады. Көрме іскерлік байланыстар орнатуға, жаңа туристік бағыттар мен қызметтерді ұсынуға, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуға арналған бірегей платформа болып табылады. 2024 жылғы көрменің нәтижелерін ескерсек, онда 5000-нан астам келуші және түрлі елдерден 406 қатысушы жиналды, ал KITF 2025 ауқымы мен мазмұнын кеңейтіп, саланың одан да көп өкілдерін тартуды уәде етеді.
Қазіргі таңда көрме белсенді қалыптасу кезеңінде. Өздерінің қатысуын Таиланд, Малайзия, Оңтүстік Корея, Жапония, Вьетнам, Грузия, Әзербайжан, Словения, Қазақстан және Ресей (Санкт-Петербург пен Алтай өлкесінің стендтері) ұлттық топтары растады. Олар туристік мүмкіндіктердің кең ауқымын ұсынып, елдер арасындағы мәдени алмасу мен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосады. Бұл экспо-шара сондай-ақ жаңа бағыттар мен технологиялардың дебют алаңы болады, соның ішінде медициналық туризм мен цифрлық қызметтердің заманауи шешімдері ұсынылады.
KITF 2025 қатысушылары қатарында KOMPAS TOUROPERATOR, FUN&SUN (ITOUR), CRYSTAL BAY KAZAKHSTAN, Polar Travel, SLKI/SLOVENIA және басқа да ірі туроператорлар бар. Олар келушілерге ерекше туристік өнімдерді, соның ішінде жеке әзірленген маршруттарды, тиімді брондау шарттарын және эксклюзивті бағыттарды ұсынады. Сондай-ақ, көрмеде қазақстандық әуе компаниялары SCAT Airlines (Sunday), FlyArystan, Air Astana ұсынылады. Олар халықаралық және ішкі рейстерге арналған жаңа бағыттарды, авиациялық бағдарламаларды және бірегей өнімдерді таныстырады. Бұл өз кезегінде саяхатшыларға қолжетімді мүмкіндіктерді кеңейтіп, авианарықтағы жаңа трендтермен танысуға жол ашады.
Көрменің іскерлік бағдарламасының басты элементі – KITF Travel Forum, онда семинарлар мен презентациялар өтеді. Бұл қатысушыларға туризмдегі қазіргі үрдістер туралы өзекті білім алуға, маңызды мәселелерді талқылауға және әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Жалпы көрме алаңы 5535 шаршы метрден асады, бұл ауқымды экспозициялар ұйымдастыруға және саяхат әуесқойлары мен сала мамандарына қызметтердің толық спектрін ұсынуға жол ашады.
KITF 2025 тағы да аймақ пен елдің жетекші туристік оқиғасы мәртебесін растайды, Қазақстандағы туризмді дамытуға және халықаралық байланысты нығайтуға ықпал етеді. Әр аймақтың мәдениеті, дәстүрлері мен бірегей ерекшеліктері экспозициялар мен презентацияларда жанданып, қатысушыларды жаңа ашылымдарға шабыттандырады.
Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, Kompas компаниясы, «Қазақстан туристік Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі.
Ұйымдастырушы – Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
