KITF TRAVEL FORUM 2025: САЛАНЫҢ НАЗАРЫНДА БОЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР
2025 ЖЫЛҒЫ 23-25 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ БІРІ – 23-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» КӨРМЕСІ – KITF 2025 ӨТЕДІ.

Осы жылғы алаң аясында кәсіби қауымдастыққа индустриядағы негізгі трендтерді, инновациялық шешімдер мен даму стратегияларын талқылауға мүмкіндік беретін барынша мазмұнды іскерлік бағдарлама ұсынылады. Көрменің іскерлік бөлігі үшін орталық нүкте TREND ZONE: BEYOND TRAVEL болады, онда стратегиялық сессиялар, панельдік пікірталастар және арнайы воркшоптар өтеді
Іскерлік бағдарламаның алғашқы күні, 23 сәуірде, саланың ғаламдық өзгерістері, бизнестің оларға бейімделуі, жаңа технологиялар және туризмнің негізгі даму үрдістеріне назар аударылады.
Іскерлік бағдарламаны «Азиядағы экономикалық өсудің драйвері ретінде туризм: болашақ стратегиялары» атты стратегиялық пленарлық отырыс ашады. Онда Орталық және Шығыс Азияның туризм министрлері индустрияның тұрақты өсу перспективаларын, трансшекаралық маршруттарды, инфрақұрылымның дамуын және цифрлық бастамаларды талқылайды. Ерекше көңіл Қытайдың Қазақстандағы Туризм жылына және оның екіжақты ынтымақтастыққа әсеріне бөлінеді.
Тақырыптық панельдік пікірталастардың қатарында «Next-gen travel: стратегиялар және индустрия трансформациясы» сессиясы бар, ол цифрландырудың және тұтынудың жаңа модельдерінің туристік нарыққа ықпалына арналады.
«Жаңа маршруттар: азиялық бум, combi-tours, цифрлық визалар және қағазсыз шекаралар» атты сессияда бағыттардың даму перспективалары, инновациялық сәйкестендіру жүйелерін енгізу және визалық рәсімдерді жеңілдету ұсынылады.
Авиациялық сектор мәселелері «Авиация 2025+: жаңа маршруттар, әуедегі бәсекелестік және жолаушылар үшін жарыс» атты пікірталаста ашылады, онда жетекші әуе компаниялар мен авиациялық реттеушілер аймақтағы әуе тасымалдарының негізгі даму трендтерін талқылайды.
Қазіргі заманғы технологиялар мен клиенттерге жекелендірілген қызмет көрсету тәсілдері «Суперперсонализация және технологиялар: big data, ЖИ-ден болжамды туризмге дейін» атты сессияда қарастырылады. Мұнда Booking, Airbnb, Google Travel және технологиялық стартаптар мамандары деректер мен жасанды интеллектіні туризм индустриясында қолданудың үздік тәжірибелерін ұсынады.
Бірінші күн бағдарламасын «AMBASSADOR TRAVEL: блогерлер индустрияның негізгі ойыншыларына қалай айналуда» атты панельдік пікірталас түйіндейді. Онда жетекші тревел-инфлюенсерлер мен әуе компанияларының маркетологтары контент-мейкерлермен стратегиялық серіктестік пен digital-контенттің туристік бағыттардың дамуына әсерін талқылайды.
Іскерлік бағдарламаның екінші күні, 24 сәуірде, сараптамалық білімге, жұмыс істейтін стратегияларды талқылауға және бизнес-процестерге заманауи технологияларды енгізуге басымдық беріледі. Бағдарлама «Қалай қымбат сатуға болады: премиум-туризм және бірегей әсерлер» атты мастер-кластан басталады. Онда luxury-туризм саласының сарапшылары жоғары деңгейлі саяхаттар құру және премиум сегментімен жұмыс істеу стратегияларымен бөліседі.
Одан кейін «Әсерді қалай сату керек: жаңа буын саяхатшылары» атты сессия жалғасады. Ол experiential tourism, NFT-туризм және авторлық тревел-өнімдердің трендтерін қамтиды.
Инновациялық шешімдер «Туристік бизнеске арналған ЖИ мен чат-боттар: автоматтандыр және табыс тап» атты воркшопта ұсынылады. Мұнда техникалық сарапшылар ЖИ енгізу мен клиенттік сұраныстарды автоматтандыру тәжірибесімен бөліседі.
Нетворкинг «Кофе-рейв» форматында жаңа сипат алады – музыкалық сүйемелдеумен өтетін интерактивті іс-шара іскерлік қарым-қатынасқа еркін атмосфера қалыптастырады.
«Контент-талдау нақты уақыт режимінде» атты Прожарка барысында жетекші маркетологтар мен продюсерлер табысты және тиімсіз тревел-кейстерді талдап, аудиторияға тиімді шешімдер ұсынады.
Бағдарламаның финалдық аккорды «Ертең не істеу керек? Өсім үшін антикризистік және вирус стратегиялары» атты стратегиялық пікірталас болады. Онда жетекші сарапшылар нарықтың даму болжамдарын ұсынып, бизнестің өзгермелі жағдайларға бейімделуі жөнінде ұсыныстар береді.
Көрме мен оның іскерлік алаңы KITF Travel Forum саланың әрі қарай өсуіне қуатты серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа туристік бағыттарды ілгерілетуге ықпал етеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, Kompas компаниясы, «Қазақстандық туристік Ассоциациясы» ЗТБ ресми қолдау көрсетеді.
Іскерлік бағдарламаның серіктесі – Trand Buro компаниясы және Success Travel Academy.
Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
