МАҢЫЗДЫ НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР МЕН ІСКЕРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ЖАҢА ҚАДАМДАР
2024 жыл Қазақстандағы көрме қызметі үшін ерекше жыл болды, ол елдің ТМД елдері арасында іскерлік кездесулер, салалық даму және халықаралық ынтымақтастық үшін жетекші алаң ретіндегі мәртебесін тағы да растады.
Iteca компаниясы сәтті түрде 22 көрме ұйымдастырды, оған 62 елден 3 566 компания қатысты. Өткен жыл халықаралық компаниялардың қазақстандық көрмелерге жоғары деңгейде тартылғанын көрсетті. Экспо-шараларда 47 ұлттық стенд пен 122 ұжымдық экспозиция ұсынылды. Қатысушылар географиясы айтарлықтай кеңейді, бұл шетелдік инвесторлар мен бизнестің Орталық Азия нарығына деген қызығушылығының өскенін дәлелдейді. Іс-шараларға 95 мемлекеттен 62 000-нан астам келуші қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында кәсіби тәжірибе алмасуға және салалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 260 мамандандырылған сессия өтті. Жалпы көрме алаңы 89 000 шаршы метрден асты.

2024 жылдың оң динамикасы көрме индустриясының одан әрі өсуіне негіз қалады. Биыл Iteca компаниясы іскерлік бағдарламаны кеңейту, жаңа қатысушыларды тарту және халықаралық байланыстарды нығайту жұмыстарын жалғастырады. Қазақстан экономикасының негізгі салаларын қамтитын ауқымды көрмелер жоспарланып отыр, бұл бизнес пен инновациялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
2025 жылы екі жаңа халықаралық көрменің іске қосылуы өнеркәсіп пен бизнесті дамыту үшін перспективалы бағыттарды ашады. 15-17 сәуір аралығында алғаш рет Қазақстандық халықаралық «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар» – KITME көрмесі өтеді. Ол Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің дамуына серпін беруді көздейді, озық жабдықтар жеткізушілерін, жаңа технологияларды, инновациялық материалдар мен арматураны тартады. Күзде Қазақстан пластмасса және химия өнеркәсібі саласындағы позициясын нығайтады – 12-14 қарашада алғашқы Қазақстандық халықаралық «Пластмасса және химия өнеркәсібі» – Plastex Qazaqstan көрмесі өтеді.
Салалық ынтымақтастық пен кәсіби диалог мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында KIHE көрмесі аясында фармацевтикалық өнеркәсіпке арналған жабдықтар, шикізат пен технологияларға бағытталған 2-ші Қазақстандық халықаралық PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмесі өтеді. Бұл іс-шараларды бірлесе өткізу медициналық және фармацевтикалық салаларды біріктіретін бірыңғай платформа құрады. Қатысушылар озық әзірлемелермен танысып, технологиялық алмасуды жолға қойып, фармацевтикалық өндірісті жергіліктендіруге ықпал ете алады және денсаулық сақтау, фармацевтика саласы мен ғылыми қауымдастық өкілдері арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтады.
Тағы бір маңызды жаңалық – Securex Kazakhstan көрмесінде жаңа бөлімнің іске қосылуы – Dronex Kazakhstan 2025. Ол өнеркәсіптік дрондарға және антидрон жүйелеріне арналмақ. Бұл бағыт қарқынды дамып келеді және қауіпсіздік, логистика, өнеркәсіптік мониторинг және басқа салаларда сұранысқа ие болуда. Dronex Kazakhstan 2025 қатысушыларға ұшқышсыз технологиялар саласындағы озық әзірлемелерді таныстыруға және нарықтың негізгі үрдістерін талқылауға мүмкіндік береді.
2025 жыл Iteca компаниясының бірқатар жетекші көрмелері үшін мерейтойлық жыл болмақ. KIHE, AstanaBuild, InterFood Astana және Astana Mining & Metals көрмелері өздерінің көпжылдық табысты тарихын және кәсіби қауымдастықтарды қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтеді. Мерейтойға орай ұйымдастырушылар кеңейтілген экспозициялар, арнайы форумдар мен тақырыптық іс-шаралар дайындауда. Бұл қатысушыларға көрмелердің дамуындағы маңызды белесті атап өтіп қана қоймай, салалардағы негізгі сын-қатерлерді талқылауға, инновациялық шешімдерді ұсынуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Мерейтойлық көрмелер халықаралық қатысушыларды, сарапшыларды және кәсіби мамандарды көбірек тартып, олардың өңірдегі жетекші бизнес-платформа ретіндегі мәртебесін арттыра түседі.
Сондай-ақ, жаңа жылы компания халықаралық іскерлік қауымдастықтардағы белсенділігін жалғастыруда. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Iteca Eurobak – Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығындағы мүшелігін ұзартты, ол еуропалық компаниялардың мүдделерін қолдап, елдегі іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ British Chamber of Commerce – Британдық сауда палатасында мүшелігін жалғастырды, ол британдық және қазақстандық компаниялар арасындағы ынтымақтастықты дамытады, экономикалық байланыстарды нығайтады және кәсіби өсу мен серіктестікке жаңа мүмкіндіктер береді. Көрме қызметін дамытумен қатар, компания жануарларға арналған паналарды, балалар үйлерін және басқа да әлеуметтік бастамаларды тұрақты түрде қолдайды. Жаңа жыл қарсаңында Iteca кеңсесінде дәстүрлі «Жасырын Аяз ата» акциясы өтті, оның аясында қызметкерлер аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға сыйлықтар дайындады. 2025 жылы компания өз әлеуметтік қызметін жалғастырып қана қоймай, оны кеңейтуді, қоғамның дамуына және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
Ауқымды іс-шараларды өткізу мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту мақсатында, жақын арада «Атакент» ҚІКК аумағында жалпы ауданы шамамен 3 800 шаршы метр болатын екі жаңа павильон ашылады. Инфрақұрылымды кеңейту көрмелеріміздің ауқымын ұлғайтып, қатысушылар мен келушілер санын көбейтеді, сонымен қатар кеңірек аудиторияны қамтуға және Қазақстанның халықаралық іскерлік және көрмелік оқиғалардың маңызды орталығы ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.
Көрме қызметінің қарқынды дамуының арқасында Қазақстан халықаралық аренада іскерлік коммуникациялар мен экономикалық ынтымақтастықтың маңызды орталығы ретінде өз позициясын нығайтып келеді!
