MINING AND METALS CENTRAL ASIA ЖӘНЕ KAZCOMAK 2024 БІРІККЕН КӨРМЕСІ 402 КОМПАНИЯНЫ ЖИНАП, 19 800 Ш.КВ. АЛАҢҒА ЖАЙЫЛДЫ
17–19 қыркүйек аралығында «Атакент» ҚКДС-нің үш павильонында және ашық алаңында Орталық Азия аймағындағы ең ірі көрмелер өтеді: 29-шы Халықаралық «Тау-кен жабдықтары, кен өндіру және кенді байыту» көрмесі – Mining and Metals Central Asia 2024 және 20-шы мерейтойлық Қазақстан халықаралық «Жол-құрылыс, өндірістік құрылыс және коммуналдық техника» көрмесі – Kazcomak 2024.
34 елден келген 400-ден астам қатысушы – Австралия, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Кипр, Қытай, Литва, Норвегия, БАӘ, Польша, Ресей, Сингапур, Словения, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, ОАР, Оңтүстік Корея, Чехия, Чили, Өзбекстан, Украина – тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналарды, жабдықтарды және технологияларды, байыту фабрикаларына арналған шешімдерді, тау-кен жұмыстарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, цифрландыру мен автоматтандыруға арналған технологияларды, арнайы техниканы ұсынады. Ашық экспозицияда келушілерге тау-кен саласына арналған 80-нен астам арнайы техниканың үлгілері көрсетіледі.

Ұлыбритания, Германия, Қытай және Түркия өндірушілері өздерінің Ұлттық стендтерімен қатысады. Жалпы алғанда, халықаралық қатысушылардың үлесі барлық экспоненттердің 54%-ын құрайды. Орталық Азияның металлургиялық орталығы мәртебесіне ие Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа бизнес өкілдерін тартып, еліміздегі серіктестік шекарасын кеңейтіп келеді. Көрмелерге алғаш рет қатысып отырғандар саны – 74 компания, бұл жалпы қатысушылардың ¼ бөлігі.
Kazcomak көрмесіне Қазақстан мен Ресейден келген компаниялар қатысады, олардың қатарында: Aiqara, Borusan Cat Kazakhstan, Eurasian Machinery, Hyundai Коммерциялық Орталығы Қазақстан, Mashimport, SANY, Sunlong, Sevalo Engineering Machinery Kazakhstan, Son-Mak KZ, Евразия ТехМашинери, Камаз Евро Сервис, Копейск машина жасау зауыты, Коррус Тех Азия, Вираж, Комек Машинери Қазақстан, Құрылыс техника, МаксГрупп, Спец-Авто, Решке және басқалары бар.
Ал Mining and Metals Central Asia көрмесіне Aumund Fördertechnik, Aramine, Bradken, FLS, Micromine, Metso Kazakhstan, Polycorp, Robertson Geo, Sandvik Mining and Construction, Scantech, Swiss Tower Minerals, Thrane&Thrane Teknikk, Weir Minerals және басқа да көптеген компаниялар қатысуда.
ESG бастамаларының белсенді енгізілуі мен жасанды интеллектіні ГМК саласына қолдану жағдайында көрменің іскерлік бағдарламасы негізгі мәселелерге арналған пленарлық және панельдік сессияларды қамтиды, соның ішінде кибертұрақтылық пен саланы дамытуға арналған қаржылық құралдар. 17 қыркүйекте «Қазақстан ГМК-дегі ESG бастамалары: қиындықтарды еңсеру және жаңа мүмкіндіктерді іздеу» тақырыбында пленарлық отырыс өтеді. Спикерлер қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші салалық қауымдастықтар мен одақтардың басшылары, сондай-ақ тәжірибелік сарапшылар болады.
Іскерлік бағдарлама аясында сондай-ақ мынадай сессиялар өтеді: «ГМК-дегі IT-архитектура және ЖИ қолдану», «Кибер тұрақтылық пен киберқауіп: басты элемент ретінде адам», «Қаржылық құралдар мен лизинг: ГМК-дегі қазақстандық үлесті ілгерілету», Қазақстандық Тау-кен палатасының сессиясы, AMM Tech «Технологиялар. Инновациялар. Шешімдер», сондай-ақ келесі компаниялардың семинарлары: ProLabSupport, НПО «РИВС», Altel Business, DNA-BLAST MSC, Риказ, Glencore Technology, Magotteaux, Metso, ISB Industries, «Горнопромышленники России» қауымдастығы.
Көрмелерді Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events тобы ұйымдастырады.
Көрмелер дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігінің, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Алматы қаласы Әкімдігінің, ҚР «Атамекен» ҰКП, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, «Тау-кен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығы» ЗТБ (АГМП), Қазақстандағы Дүниежүзілік банк, сондай-ақ қатысушы елдердің сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссияларының қолдауымен өткізіледі.
