НАРЫҚТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРДАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ ДЕЙІН — FOODEXPO QAZAQSTAN 2026 КӨРМЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ
2026 ЖЫЛҒЫ 11–13 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА, «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА 28-ШІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ «ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ — FOODEXPO QAZAQSTAN 2026 ӨТЕДІ.

Үш күн бойы көрме халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, өңіраралық өндірістік байланыстарды кеңейтуге және тамақ өнеркәсібі, сауда желілері, дистрибьюторлық ұйымдар өкілдері мен технологиялық жабдықтарды жеткізушілер арасында тікелей іскерлік байланыстар орнатуға арналған алаңға айналады.
Көрмеге 30 елден шамамен 635 компания қатысады, олардың қатарында Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Германия, Индонезия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Нидерланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Польша, Ресей, Сингапур, Словакия, Америка Құрама Штаттары, Таиланд, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея және Жапония бар.
Экспозицияның маңызды бөлігін Беларусь, Германия, Малайзия, Пәкістан, Польша және Корея Республикасының ұлттық топтары, сондай-ақ Сингапур, Малайзия және Индонезия компанияларын біріктіретін Asian Halal Group бірлескен экспозициясы құрайды. Жеке бағыт ретінде USAPEEC және USMEAT Export Federation ұйымдарының қатысуымен ұсынылған америкалық ет, құс еті және жұмыртқа өндірушілері таныстырылады.
Ресейдің қатысуы экспортты қолдаудың өңірлік орталықтарының ұжымдық экспозицияларымен толықтырылады, олардың қатарында Адыгея Республикасы, Татарстан Республикасы, Удмурт Республикасы, Чуваш Республикасы, Белгород, Иваново, Калининград, Нижний Новгород, Новосибирск, Омбы, Орынбор, Калуга және Челябі облыстары, Краснодар өлкесі және Санкт-Петербург бар. Сонымен қатар, көрмеге «Кубаньда жасалған» («Сделано в Кубани») ұжымдық экспозициясы қатысады.
Өнімдер мен жабдықтарды көрсетумен қатар, FoodExpo Qazaqstan 2026 B2B келіссөздер жүргізуге, әлеуетті дистрибьюторларды іздеуге, серіктестік қатынастар орнатуға және жаңа нарықтарға шығу перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.
Көрменің маңызды мазмұндық компоненті INFOLine талдау компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған Food Business Forum Qazaqstan 2026 болады. Екі күндік іскерлік бағдарлама жетекші компаниялардың басшыларын, FMCG-ритейл өкілдерін, азық-түлік өнімдерін өндірушілерді, маркетинг, коммерциялық стратегия, цифрлық технологиялар және бизнес-процестерді басқару саласындағы сарапшыларды біріктіреді.
11 қарашада іскерлік бағдарламаны INFOLine компаниясының «Қазақстан мен Орталық Азияның азық-түлік және FMCG нарығы: сұраныс, сату арналары және өсу перспективалары» атты талдамалық баяндамасы ашады. Баяндаманы INFOLine негізін қалаушы Иван Федяков таныстырады.
Талдамалық күн тәртібін «Орта Азиядағы FMCG бөлшек саудасы: нарық қалай өзгереді және бөлшек саудагерлерге не қажет» атты сессия жалғастырады. Талқылау аясында сауда желілерінің даму үрдістері, жеткізушілерге қойылатын талаптар, перспективалы тауар санаттары, логистикалық қамтамасыз ету, ассортименттік саясат мәселелері және өндірушілердің заманауи бөлшек саудаға сәтті шығу шарттары қарастырылады.
Сессия модераторы — Иван Федяков, INFOLine негізін қалаушы.
Сессияның мәлімделген спикерлері:
Александр Муравьев — Magnum коммерциялық директоры;
Олеся Кущенкова — «Куликовский» кондитерлік үйінің маркетинг жөніндегі директоры;
Ислам Абдыкерим — Griffin бас директоры;
Анна Полуэктова — Arbuz Group бизнес-процестер жөніндегі директоры;
Романа Мутных — TanukiFamily компаниясының Орта Азия бойынша операциялық директоры және жаңа жобалар мен өнімдерді дамыту жөніндегі директоры (келісілуде)
Келесі тақырыптық блок «Нарықтағы жаңа өнімдер: сөреге қалай шығып, өнімнің коммерциялық әлеуетін жүзеге асыруға болады» жаңа тауарларды әзірлеу, позициялау және коммерцияландырудың практикалық аспектілеріне бағытталады. Сұранысты болжауға, бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға, баға белгілеуге, қаптама шешімдеріне, өткізу арналарын таңдауға және өнімді ілгерілету тетіктеріне ерекше назар аудару жоспарлануда. Сессия модераторы — бұған дейін Prostor және «Цитрус» (Украина), Dom Comfort (Қазақстан) және «Техномарт» (Өзбекстан) сауда желілерінде маркетинг жөніндегі басшылық қызметтерді атқарған, Bader Baer CONSULTING басшысы Надежда Бадер-Баер.
Талқылауға шақырылғандар:
Дмитрий Докин — «Шин-Лайн» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы;
Денис Кононов — PepsiCo (Қазақстан) коммерциялық директоры;
Денис Шевченко — Mondelez компаниясының Еуразия елдері бойынша коммерциялық стратегия жетекшісі;
Георгий Гусаров — «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясының санат жетекшісі;
Зейнеп Эркан Альп — «Эфес Қазақстан» ШК АҚ маркетинг бөлімінің басшысы \
Форумның бірінші күнін «Көшбасшылық, инновациялар және азық-түлік индустриясының болашағы: нарықты өзгертетін компанияларды қалай құруға болады» атты арнайы сессия қорытындылайды. Иван Федяков, INFOLine негізін қалаушы, және Зейнеп Эркан Альп, «Эфес Қазақстан» ШК АҚ маркетинг бөлімінің басшысы, тыңдармандармен өздерінің сараптамалық пікірлері мен тәжірибесімен бөліседі.
12 қарашада іскерлік бағдарлама өндірістік және коммерциялық процестерді басқаруда ақпараттық технологияларды практикалық қолдануға арналған «Food retail және тамақ өнеркәсібіндегі IT: есеп пен логистикадан сатуды басқаруға дейін» сессиясымен жалғасады. Сараптамалық көзқарастарды Роман Ковтун, «Гальди» бас директоры, және Дмитрий Ган, Heidelberg парақтық баспа машиналары бойынша өнім менеджері ұсынады.
Технологиялық күн тәртібінің логикалық жалғасы «Азық-түлік өнімдері мен саудадағы жасанды интеллект: нақты кейстер және бизнеске әсері» атты сессия болады. Қатысушылар азық-түлік индустриясы мен саудада жасанды интеллектті практикалық қолдану мәселелерін, соның ішінде сұранысты болжау, бизнес-процестерді оңтайландыру, сатуды автоматтандыру және өндіріс тиімділігін арттыру бағыттарын талқылайды. Спикерлер ретінде Тимур Марусяк, Docrobot атқарушы директоры (Орта Азия), және Малик Мухамедгалиев, DataPulse тең құрылтайшысы сөз сөйлейді.
FoodExpo Qazaqstan 2026 өткізілуі Қазақстанның Орталық Азиядағы салалық өзара іс-қимылдың негізгі орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді. Экспоненттердің халықаралық құрамы, ұсынылатын өнім санаттарының алуан түрлілігі, заманауи өндірістік шешімдердің көрсетілімі және мазмұнды сараптамалық бағдарлама экспорттық-импорттық операцияларды дамытуға, жаңа іскерлік серіктестер тартуға және инвестициялық әрі технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге қолайлы жағдай қалыптастырады.
FoodExpo Qazaqstan 2026 көрмесіне ресми қолдау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан құс өсірушілер одағы, KAGIR, UCIMA және Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ресми қолдау көрсетеді.
Көрменің ұйымдастырушылары — Қазақстанның көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобы.
