PLASTEX QAZAQSTAN 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ПОЛИМЕР ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ ДИАЛОГҚА ЖОЛ АШТЫ
БҮГІН, 2026 ЖЫЛҒЫ 21 ҚАЗАНДА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АСТАНАСЫНДА ПЛАСТМАССА ЖӘНЕ ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PLASTEX QAZAQSTAN 2026 КӨРМЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

Іс-шара заманауи технологиялық әзірлемелерді, өндірістік жабдықтарды, шикізат материалдары мен инновациялық шешімдерді таныстыруға арналған мамандандырылған салалық алаң болып табылады. Көрме кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге және полимер және химия салаларындағы кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.
Биыл экспозиция 4 елден — Қазақстан, Қытай, Ресей және Өзбекстаннан — 16 компанияны біріктіреді. Отандық секторда 10 кәсіпорын, ал халықаралық секторда 6 компания ұсынылған. Шетелдік өндірушілер мен жеткізушілердің қатысуы мемлекетаралық іскерлік байланыстарды нығайтуға, технологиялық құзыреттермен алмасуға және қазақстандық кәсіпорындардың полимер материалдарын өңдеу саласындағы заманауи шешімдерге қолжетімділігін кеңейтуге қосымша алғышарттар жасайды.
Бірінші күннің негізгі оқиғаларының бірі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесінің ресми ашылу салтанаты болды. Оған мемлекеттік құрылымдардың, салалық бірлестіктердің, бейінді ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін құрметті қонақтарға арналған VIP-тур ұйымдастырылып, оның барысында делегация қатысушы компаниялардың технологиялық әзірлемелерімен және өндірістік шешімдерімен танысты.
Plastex Qazaqstan 2026 көрмесінің экспозициялық бөлігі бастапқы шикізат пен компоненттерден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік-технологиялық циклді қамтиды. Келушілерге полимерлерді өңдеуге арналған технологиялар мен жабдықтар, автоматтандыру жүйелері және перифериялық жабдықтар, пресс-қалыптар мен технологиялық жабдықтар, композиттік материалдар, полиуретандар, каучук және резеңке-техникалық бұйымдар ұсынылған. Жеке бағыт қазіргі заманғы өндіріс әдістерін өнеркәсіптің түрлі сегменттерінде қолдану мүмкіндіктерін кеңейтетін 3D-басып шығару саласындағы шешімдерге арналған.

Plastex Qazaqstan 2026 бағдарламасында полимер өнеркәсібін дамытудың стратегиялық міндеттерін, мұнай-газ химиясы шикізатын терең өңдеуді және ұлттық өндірістік-өткізу тізбектерін нығайтуды қарастыруға бағытталған іскерлік бөлім ерекше орын алады.
Бағдарламаның орталық іс-шарасы — «Қазақстанның полимер индустриясы: мұнай-газ химиясы өндірістерін іске қосудан қайта өңдеу деңгейі жоғары өнім шығаруға дейін» атты пленарлық отырыс. Ол отандық мұнай-газ химиясы кешенін одан әрі қалыптастыру және қайта өңдеу деңгейі жоғары өнімдерді өндіруге көшу перспективаларына арналды.
Көрменің ресми ашылу салтанатына:
• Үркімбаев Темірлан– ҚР ЭМ Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаментінің Директоры;
• Сергей Минасян – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС Маркетинг және сату жөніндегі директоры;
• Бакытбек Джумакулов – «KMG PetroChem» ЖШС Ішкі нарықты дамыту департаментінің бас маманы;
• Павел Беклемишев – «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасының кеңесшісі;
• Ринат Имашев – «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Алматы филиалының басшысы;
• Мақсат Жиентаев – ҚР ҰКП «Атамекен» Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының экономика мәселелері жөніндегі директордың міндетін атқарушы орынбасары;
• Ольга Тлеужанова – «Polymer Market» ЖШС Бас директоры;
• Гаухар Бекманова – көрменің Event-директоры қатысты.
Өз сөзінде Темирлан Уркумбаев Plastex Qazaqstan көрмесінің Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласын дамытудағы маңызды рөлін атап өтіп, мұндай кәсіби алаңдар мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, заманауи технологияларды ілгерілетуге, отандық полимерлерді өңдеуді дамытуға және жаңа өндірістік тізбектерді қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Сараптамалық диалогтың жалғасы ретінде «Полимерлік шешімдер арқылы ТКШ-ны жаңғырту: құбыр өнімдерін өндіруді дамыту және инфрақұрылымдық жобаларды жергіліктендіру» атты тақырыптық сессия және «Атмосфералық әсерлерге төзімділігі жоғары, гидрооқшаулағыш, химиялық төзімді және физикалық-механикалық қасиеттері бар шатырларға арналған экологиялық қауіпсіз гибридті композиттік жабындарды әзірлеу» атты воркшоп өтті. Олардың мазмұны ішкі өндірісті кеңейту, жаңа материалдарды енгізу және полимер индустриясы, автомобиль өнеркәсібі мен құрылыс секторы кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланыстарды нығайту мүмкіндіктеріне бағытталды.
Ертең, 22 қазанда, «Қазақстанда полимерлерді қайта өңдеуді дамыту: коммерциялық шешімдер және KPI арнайы бағдарламалары» атты KPI арнайы сессиясы және «Қазақстандағы пластмассаны қайта өңдеу экономикасы» атты сессия өтеді.

Plastex Qazaqstan 2026 көрмесінің Бас серіктесі — KPI.
Көрме Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына Өңдеу», PGCA Мұнай-газ химиясы қауымдастығы, «KAZХИМИЯ» ЗТБ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Қазақстанның «PetroCouncil» мұнай-газ кеңесі, КНК Кемикал, Полимер құбыр өндірушілер қауымдастығының ресми қолдауымен өткізіледі.
Іс-шараға ақпараттық қолдауды Oil&Gas журналы, Petroleum қазақстандық аналитикалық журналы, Polymer Market, Recycle Birge, PLASTICS INDUSTRY, LOOKING PLAS және POLYMER BAZAAR көрсетеді.
Plastex Qazaqstan 2026 көрмесі 23 қазанды қоса алғанда өз жұмысын жалғастырады, бұл кәсіби қоғамдастық өкілдеріне іскерлік байланыстар орнату, заманауи өндірістік шешімдермен танысу және бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылау үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
