ШЕБЕРЛІКТЕН ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН: ҮЗДІК МОНТАЖШЫЛАР AQUATHERM ALMATY КӨРМЕСІ АЯСЫНДАҒЫ «ТЕХНАРЬ PRO KAZAKHSTAN 2026» ЧЕМПИОНАТЫНДА КЕЗДЕСЕДІ
2026 ЖЫЛҒЫ 2–4 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, САНТЕХНИКА, АУА БАПТАУ ЖӘНЕ ЖЕЛДЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРУШІЛЕРГЕ, ЖЕТКІЗУШІЛЕР МЕН МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АЛАҢЫ – 18-ШІ AQUATHERM ALMATY 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

Іскерлік бағдарламаның жарқын іс-шараларының бірі 3 қыркүйекте «Атакент» ҚІЫО алаңында өтетін «Технарь Pro Kazakhstan» монтажшылардың 4-ші чемпионаты болмақ.
Чемпионат санитариялық-техникалық сала мамандарының басын қосып, практикалық дағдыларды, кәсіби білім мен техникалық дәлдікті көрсету алаңына айналады. Қатысушылар серіктестер ұсынған интерактивті тапсырмалар топтамасынан өтіп, барынша көп ұпай жинауға және финалға шығу үшін күресуге тиіс. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша басты «Мықтылар шайқасында» кездесетін төрт үздік қатысушы анықталады.
Финалдық сынақ тапсырмаларды орындау жылдамдығын ғана емес, жұмыс сапасын, ұсақ-түйекке мұқият болуды және тиімді техникалық шешімдер таба білу қабілетін де тексеруге мүмкіндік береді. Чемпионат аясында қатысушыларға, атап айтқанда, сулы төбе панелі мен сорғы топтарын қосу модулін құрастырып, кейін оның саңылаусыздығын тексеру қажет болады.
Жеңімпаздарды іс-шара серіктестерінің бағалы сыйлықтары мен чемпионаттың бас жүлдесі күтеді, ал төртінші орын алған қатысушы да арнайы сыйлыққа ие болады. Сонымен қатар, тіркелген барлық қатысушы қосымша сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Байқау тапсырмаларын орындауға қажетті құралдар мен керек-жарақтарды іс-шара серіктестері: TSSP, Giacomini, Energoflex, InGlobal, Контур Азия, Сантим, Сантехмастер Групп, MVI, Isoterm, Rotorica, TEBO ұсынады.
«Технарь Pro Kazakhstan» – өз кәсіби құзыреттерін тексеріп қана қоймай, әріптестермен тәжірибе алмасуға, сала сарапшыларымен танысуға және Aquatherm Almaty кәсіби қоғамдастығының бір бөлігіне айналуға берілетін мүмкіндік.
Іс-шараны «Технарь» оқу орталығы, қазақстандық Iteca көрме компаниясы және халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы бірлесіп ұйымдастырады.
