2025 ж. 12 Мамыр

SOLIDCORE RESOURCES – AMM 2025 КОНГРЕССІНІҢ АЛТЫН СЕРІКТЕСІ

2025 ЖЫЛҒЫ 4–5 МАУСЫМДА АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ AMM ӨТЕДІ — САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ЖӘНЕ САЛАДАҒЫ СОҢҒЫ ШЕШІМДЕРДІ ТАНЫСТЫРУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ПЛАТФОРМА.

Шараның алтын серіктесі болып Solidcore Resources компаниясы табылады — Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі жетекші компаниялардың бірі және елдегі екінші ірі алтын өндіруші.

КОНГРЕСС AMM

Solidcore Resources — ұлттық тау-кен өнеркәсібінің жетекші компанияларының бірі. Компанияның акциялары Astana International Exchange (AIX) биржасында саудаланады, бұл бизнестің жоғары деңгейдегі ашықтығы мен инвестициялық тартымдылығын растайды.

Қазіргі уақытта Solidcore Resources екі негізгі өндірістік активті басқарады: Қостанай облысындағы Варварин хабы (АО «Варваринское», ЖШС «Комаровское тау-кен кәсіпорны») және Абай облысындағы Қызыл жобасы (ЖШС «Бақыршық тау-кен кәсіпорны»). Бұл кәсіпорындар тұрақты өсімді көрсетіп, өңірлер экономикасына елеулі үлес қосады.

Компания портфелінде сонымен қатар екі стратегиялық маңызды даму жобасы бар. Павлодарда гидрометаллургиялық комбинат салынуда — бұл Қазақстан үшін бірегей нысан және шикізатты терең өңдеуге бағытталған маңызды қадам болады. Солтүстік Қазақстан облысында Solidcore Resources Сырымбет мыс кеніші жобасын жүзеге асыруда — бұл елдегі ірі кен орындарының бірі.

Solidcore Resources компаниясының AMM 2025 конгресіне қатысуы — тек компанияның жетістіктері мен жоспарларын көрсету ғана емес, сонымен қатар салалық диалогты дамытуға, тәжірибе алмасуға және Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенін тұрақты дамыту үшін жаңа шешімдер іздеуге үлес қосу болып табылады.

Astana Mining & Metallurgy халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қосылып, кәсіби өсім мен технологиялық прогрестің жаңа мүмкіндіктерін ашыңыз.